Сырттан келген қандастарымыз Түркістан облысында тұруды қалайды

Dalanews 02 нояб. 2018 15:16 864

Түркістан облысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы 65 087 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.



Биылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 44 124 адам (67,8%) жұмыспен қамту шараларына қамтылды. Бағдарламаны жүзеге асыруға 12,4 млрд. теңге қаралды. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 7,2 млрд. теңге, жергілікті бюджет есебінен – 5,2 млрд. теңге. Бөлінген қаржының 7,4 млн. теңгесі игерілді.

Осындай кешенді жұмыстардың арқасында Түркістан облысында 3 510 адам тұрақты жұмыс тапты. Бұдан басқа 4 431-і әлеуметтік жұмыс орындарына тартылған. Ал, 3 729 талапкер жастар практикасы бойынша бағын сынады. 4 576 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Бүгінде шетелден көшіп келген қандастарымыздың көпшілігі біздің Түркістан облысын таңдайтыны белгілі. Өткен сегіз айдың қорытындысы бойынша 923 адам оралман мәртебесін алды. Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына 2015 жылы 24 қарашадағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне орай оралман мәртебесі 1 жылға беріледі және осы уақытта еліміздің азаматтығын алуға мүмкіндігі бар. Соған байланысты этникалық қазақтардың біздің облысқа көшіп келуі көбейді.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости