Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебін университеттің екі студенті аяқтады

Dalanews 11 нояб. 2021 03:46 976

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқу орында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруда көптеген жұмыстар атқаруда.

Бұл жолы оқу орын «SANALY URPAQ» жобасы аясында 2021-2022 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының 1.1 тармағына сәйкес (жастар пікірі көшбасшыларының қатарынан спикерлер пулын қалыптастыру) сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрістерді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, оған қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы кеңінен түсіндіру мақсатында «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен (LPRC) бірлесіп ұйымдастырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебіне университеттен 8 студенттің кандидатурасы ұсынылып, дәріске қатысу үшін конкурстық іріктеу нәтижесінде «Құқықтану» мамандығының 2 курс магистранттары Жексебаев М. Е. және Ыдырысова А.Е. таңдап алынды. Олар Мектепке қатысып, бітіргендігі туралы сертификаттар алып шықты және бұдан былай жыл бойы ұйымдастырылатын іс-шараларға спикер ретінде шақырылатын болады.

 

Рекомендовать
Последние новости