ШҚУ зерттеу университеті атануды жоспарлауда

Dalanews 31 мая 2021 11:43 1006

Шығыс Қазақстандағы іргелі университеттердің бірі 2025 жылға қарай зерттеу университеті атануды жоспарлауда. Бұл үшін жоғары оқу орындарының академиялық артықшылық орталықтарын құру жөніндегі республикалық жобаға қатыспақ, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім ошағының ректоры Мұхтар Төлеген баспасөз конференциясы барысында академиялық артықшылық орталықтарын құру жөніндегі және «аймақтағы мықты жоғары оқу орындары» жобасы ЖОО-ның халықаралық имиджі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, университеттердің зерттеу және инновациялық экожүйесін қалыптастыруға бағытталатынын жеткізді.

– Бұл жоба Шығыс Қазақстан экономикасын дамыту үшін университетке жоғары оқу орны ғылымын дамытуда үлкен серпіліс жасап, өндіріс және бизнеспен тығыз ықпалдасуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Жобаның негізгі тәсілдері - 15 өңір және 15 ЖОО, яғни бір өңірден тек бір ЖОО қатысады. Қаржыландыру төрт жыл ішінде іске асырылады деп жоспарлануда, бір ЖОО 4 млрд теңгеге дейін алады. Қаражат зерттеу экожүйесін қалыптастыруға, инновациялық зертханалар құруға, оқыту мен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін инфрақұрылымды дамытуға, халықаралық ғылыми жобаларға қатысуды қаржыландыруға бағытталатын болады, – деп түсіндірді Мұхтар Төлеген.

«Мықты педагогикалық жоғары оқу орны» жобасы аясында 21-ші ғасыр мұғалімдерін даярлау үшін педагогикалық жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыру, білім саласын жоғары білікті педагогтармен қамтамасыз ету, педагогикалық ғылым мен озық зерттеулерді дамыту үшін жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыру, жас ғалымдар үшін жаңа ғылыми мектептер құру, университеттердің жұмыс берушілер мен бизнес өкілдерімен тиімді ынтымақтастығы жоспарлануда.

Рекомендовать
Последние новости