ШҚО шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі – ШҚО әкімі

Жарбол Кентұлы 01 сент. 2024 10:44 3671

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Ертіс шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмысшылардың екеуі «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкерлері, тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, бұл үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған. Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда.


Рекомендовать
Последние новости