ШҚО-да көлік ұрлаған адам бейнебақылау камераларына түсіп қалды

Сағыныш Сардарова 14 янв. 2026 14:58

ШҚО-да тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

5 қаңтарда сағат 18:55-те 102 арнасына қала тұрғыны хабарласып, оның BMW көлігін белгісіз біреу заңсыз айдап кеткенін хабарлаған. Жәбірленушіге шамамен 2 000 000 теңге көлемінде материалдық шығын келген.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция Өскемен – Алтай тасжолының 38-шақырымында іздеудегі көлікті тоқтатып, құқықбұзушыны қолға түсірді.

"Көлік тізгінінде бұрын сотталған 31 жастағы адам болған. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті әрі қарай процессуалдық іс-қимыл жүргізу үшін Өскемен қалалық полиция басқармасына жеткізілді", - деді полиция.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove