ШҚО-да агроөнеркәсіп кешенінің 8 жобасы іске қосылды

Dalanews 24 сент. 2024 17:18 2648

Шығыс Қазақстан облысында дәнді және майлы дақылдардың өнімі біршама өсті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XVI сессиясында облыс әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

– Агроөнеркәсіптік кешенде өнімділік арттыру өнімді қайта өңдеу, импортты алмастыру басымдыққа ие. Биыл агроөнеркәсіп кешен өнімдерін экспорттаудағы қайта өңделген өнімнің үлесі 37,6%-дан 67,5%-ға дейін ұлғайды. Дәнді және майлы дақылдарының негізі түрлері бойынша өнім біршама өскенін көреміз. Биыл барлығы 38,3 млрд теңгеге агроөнеркәсіп кешенінің 15 жобасы іске асырылып жатыр. Соның ішінде 1,7 млрд теңгеге 8 жоба іске қосылды. Нәтижесінде су үнемдеу технологияларын қолданатын алаң 8,9 мың гектарды құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға яғни, 3 мың гектарға өсті. Суармалы егін шаруашылығын дамыту үшін «ERTIS BEREKE OSKEMEN» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды, ол «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» және «SPACETIME» жеке серіктестігінің қолдауымен «SuBereke» маркалы брендпен отандық жаңбырлату қондырғыларын шығаратын болады, - дейді Ермек Көшербаев.

Өскеменде «ALTAI MAI» ЖШС мұнай өндіру зауытының құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде жылына 36 мың тонна сүт өндіретін бес тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Қуаттылығы 4 мың тонна болатын тағы бір шаруа қожалығының құрылысы бойынша да конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылы ауыл шаруашылығы мен туризмді дамытуға 5,6 млрд теңге көлемінде несие беру жоспарланған.

Биыл республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және туризмді дамытудың басым бағыттары үшін 1 млрд теңге бөлінді.


Рекомендовать
Последние новости