Шымкенттің су шаруашылығы нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

Көркем Алдабергенова 16 июн. 2025 11:40

Шымкенттегі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандары сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл шешім Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы негізінде қабылданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жоғары аудиторлық палата өткен жылдың желтоқсан айында су бұру саласындағы бюджет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Аудит барысында Шымкенттің стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандары жеке меншікте екені анықталды. Бұл ҚР Су кодексі талаптарына бұзады.

Осыған байланысты Үкіметке аталған объектілерді заңнама нормаларына сай мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

Нәтижесінде Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қала әкімінің талап-арызын қанағаттандырды. Жеке меншік ЖШС мен Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (құқықтық мұрагері – Түркістан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті) арасында жасалған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды.

Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша берілген Жоғары аудиторлық палатаның басқа да тапсырмалары мен ұсынымдарының орындалуы бақылауда болады.

Қазақстан экономикасын демонополизациялау бойынша кешенді жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2022 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында бұл шаралар мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ, электр энергиясы, теміржол көлігі, азаматтық авиация, қоғамдық көлік, телекоммуникация және басқа да нарықтарды қамтыды. 


Рекомендовать
Последние новости