Әлеуметтік желіде Шымкентте көз жұмған 21 жастағы қыздың соңғы видеосы тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Видео жеке парақшалардың бірінде жарияланған. Кадрларда қыз жігіттен қашқақтағаны көрінеді.
"Қазір күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу жедел тобы құрылды. Қылмыстық іс аясында күдіктінің барлық әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді бұған дейін ІІМ өкілі.
Тергеу жалғасып жатыр, оның барысында барлық мәлімет, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талданып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікті ер адамды ұстады.
