Шымкентте діни пропаганда жасаған тұрғын ұсталды

Сағыныш Сардарова 29 февр. 2024 09:37 3746

Шымкентте терроризмді насихаттаған күдікті адам ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, 28 ақпанда ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын қылмыс жасады деген күдікпен анықтаған.

"Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілініп отыр. Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған адам бұған дейін ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған", - деп жазылған комитет мәліметінде.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

ҰҚК өзге ақпаратты жария етпеді.


Рекомендовать
Последние новости