Шымкент: Спортты дамытудың 4 жылдық тұжырымдамасы жасалды

Dalanews 06 авг. 2020 10:28 859

Шымкентте спорт саласындағы бірқатар мәселелерді шешу және дамыту мақсатында қаланың дене шынықтыру және спорт басқармасымен  2020-2024 жылдарға арналған спорт индустриясын дамыту тұжырымдамасының пилоттық жобасы әзірленді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде біздің спортшылар 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 20 лицензия алады, сондай-ақ 5 медаль алу мүмкіндігіне ие болады деп жоспарлануда.

Бұл тұжырымдама қаладағы спорт индустриясын дамытудың негізгі бағыттарын көрсетеді. Атап айтқанда, жаңа спорт нысандарын салу және қайта  қалпына келтіру, аула спортын дамыту, білім беру жүйесімен тығыз байланыс орнату, жалпы білім беретін мектептерде резерв даярлау, спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ жаттықтырушы кадрларды тарту және өз кадрларын даярлау.

Сонымен қатар, тұжырымдамада  "Damu" бағдарламасы бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, спорт инфрақұрылымын дамыту және спортшыларды даярлау үшін жеке инвесторларды тарту мәселесі қаралған. Бұдан бөлек, 2020-2024 жылдары қалада жоғары дәрежедегі жарыстар өткізу жоспарлануда.

Басқарма мамандарының мәліметінше, спорт индустриясын дамыту тұжырымдамасының іске асуы - қаладағы спорт саласының өркендеп, спортшылардың жарыстағы жетістіктерінен көрініс табатын болады дейді.

Рекомендовать
Последние новости