Шығыстың шаруалары жаңбырлатып суаруды игеріп жатыр

Dalanews 06 авг. 2024 19:32 1006

Шығыс Қазақстанға сапары аясында ел Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов облыс үшін тың инвестициялық жобаны ұсынып отырған «RAM AGRO» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен де танысып қайтты, деп хабарлайды Dalanews.kz  Altaynews.kz- ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, бүгінде Ұлан ауданының Ново-Азовое ауылында «Жоңышқа өсіру мақсатында жаңбырлатқыш құрылғы сатып алу» жобасы жүзеге асырылуда. Өңір үшін бірегей жобаны Мадина Раимбекова қолға алған. Жобаның бірегейлігі – оның отандық өнім болуында. Яғни, осыған дейін шетелден қыруар ақшаға әкелінетін құрылғы енді Шығыс Қазақстанда жасалмақ. Қазір барлық құрамдас бөліктері жергілікті жерде жасалғанымен, құрылғының өзегі болып табылатын редуктор сияқты бөлшектері сырттан алынуда. Жоба авторлары болашақта мұндай құрамдас бөлшектер мен электронды құрылғылар Өскеменде де жасалынатын болады деп отыр.

Бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кеткен.
Еске салайық, «RAM AGRO» шаруа қожалығы «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен, бірлескен қызмет туралы шарт жасасып, инвестиция алуға қол жеткізген. Бүгінде кәсіпкер 59 пайыз, ал корпорация 41 пайыз үлеспен инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны – 636,5 миллион теңге.

Ералы Тоғжанов «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сұранысқа ие бағыттарды инвестициялауға басымдылық беріп отырғанына ризашылығын білдірді.
Жалпы, су үнемдеу мәселесі мен әр өңірде болып тұратын қуаңшылық кезеңдері ауыл шаруашылығы саласында жасанды түрде жаңбырлату тәсілімен шөп өсірудің аса тиімді екендігін көрсетті. Белгілі болғандай, мұндай жаңбырлатқыш құрылғылар күн райына қарамастан бір маусымда 2-3 рет өнім алуға мүмкіндік бермек.


Рекомендовать
Последние новости