Шығыстың екі атлеті Швейцарияда күміс медальді жеңіп алды

Dalanews 18 июл. 2017 12:51 856

Ағымдағы жылы маусымда Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен елдегі ең бірінші «Алтай Атлетикс» атты кәсіби жеңіл атлетикалық клуб ашылған болатын. Бүгін клубтың қоржынына екі күміс медаль түсіп те үлгерді. Каролин Кипкируи Люцернде өткен Spitzen Leichatletik Luzetn жарысында 2 орын алса, Нора Джеруто Рабат елінде өткен Гауһар лигасы кезеңінде күміс медальға ие болды.

«Алтай Атлетикс» клубы басшылығының айтуынша, клубтың моделі әлі де қалыптасу кезеңінде. «Алтай Атлетикс» клубы 94 жылдық тарихы бар LC Zunch еуропалық алдыңғы қатарлы клубтың үлгісі бойынша жұмыс атқарып, LC Zunch-пен келісім-шартқа  да отырған.

Айта кетсек, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да клубка мүше болып кірген. Бұған қоса, еліміздегі жеңіл атлетика спортын дамыту үшін клубтың алғашқы жобалық кезеңінде шетелдік спортшылар шақырылды.

Сондай спортшылардың бірі, Кения тумасы Каролин Кипкируи клубтың мүшелігінде болып, Люцернде болған Spitzen Leichatletik Luzetn жарысында 3000 метрлік тәртіп бойынша бағын сынап, 8:53:36 көрсеткішімен ІІ орын иеленіп келді. Аталмыш сайыс әлемнің ең үздік 25 стартына кіреді.

Бұған қоса, Нора Джеруто Рабат еліндегі Гауһар лигасы кезеңінде «стиплчейс» тәртібінде 9.20.51 көрсеткішімен күміс алған болатын. Осылайша, ол тамыз айының 24-ші жұлдызында Цюрихте болатын Лига финалына өтті. Турнир кестесінің 4-ші позициясына Ольга Рыпакова орнықты. Кезекті Гауһар лигасы 21-ші маусымда Монако елінде өткізілмек. Оған Ольга Рыпакова мен Каролин Кипкируи қатысады.

Рекомендовать
Последние новости