Шығыс Қазақстанда 67 сүт фермасы жұмыс істейді

Dalanews 15 мая 2020 15:07 964

Алтай ауданында Асқар Мамин «Нивы Алтая» ЖШС-нің егіс алқаптарының құрылымымен және көктемгі дала жұмыстарымен танысты.

Ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын серіктестік биылғы жылы өнім түрлерін арттыруды көздеп отыр. Егіс алқаптарының басым бөлігі астық және күнбағыс егуге арналған.

Айта кету керек, биыл егіс алқабы 1370,0 мың гектарды құрайды. Егістік алқаптарының құрылымында дәнді-дақылдардың үлесі 560 мың гектарды және майлы дақылдар 480 мың гектарды құрайды. Өсімдік шаруашылығын дамытуға соңғы үш жылда  29,4 млрд тенге қаржы бөлінді.

Жалпы, өңірде ауылшаруашылық саласы қарқынды дамып келеді. Шығыс Қазақстан еліміз бойынша сүт шаруашылығы бойынша алдыңғы орында.


Осы ретте облыс басшылығы сүт фермаларын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Бүгінгі таңда облыста 67 сүт фермасы жұмыс істейді, оның көмегімен 2020 жылы облыстың өңдеуші кәсіпорындарына 160,0 мың тонна сүт сату жоспарлануда. Сонымен қатар өңірде жылына 200 мың тонна өнім шығаратын май зауыты салынуда.



 

Рекомендовать
Последние новости