Шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, лаң жасаған хакер Алматыда ұсталды

Кәмшат Тілеухан 26 июл. 2025 12:00

2025 жылдың шілде айында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік әріптестерімен бірлесіп, қазақстандық азаматты киберқылмыс жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу материалдары бойынша, ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан. Деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.

Тінту барысында кибершабуылдарды жасау үшін пайдаланылған заттай айғақтар тәркіленді.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайтынын нақтылайды.


Рекомендовать
Последние новости