Шетелдік компания Алматының элиталық бөлігінде орналасқан жерді заңсыз алған

Сағыныш Сардарова 20 окт. 2025 15:53

Алматы прокуратурасы 71,9 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласының прокуратурасы құрылтайшысы шетелдік компания саналатын заңды тұлғаның заңсыз иелігіндегі 72 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды.

"Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны анықталды, себебі шетелдік субъектілер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды", - деп жазылған хабарламада.

Осылайша, құны 5,9 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.  


Рекомендовать
Последние новости