Алматыда лицензиясыз бала оқытқан жекеменшік мектеп жауапқа тартылады

Dalanews 19 окт. 2025 12:35

Тиісті рұқсат құжаттары болмаса да оқушы жинап, білім берумен айналысқан жекеменшік мектепке қатысты істі сот қарауына алды, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік істер жөніндегі сотына түскен шағым бойынша, Baiterek жекеменшік мектебі тиісті лицензиясыз жұмыс істеген. Сот кабинетінде пайда болған мәліметке сәйкес мектеп әкімшілігіне 25-40 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Сонда мектеп 1 тоқсан бойы рұқсат құжаттары болмаса да оқушыларға білім берумен айналысқан.  


Рекомендовать
Последние новости