Шекаралық әріптестікті дамыту жолдары қандай?

Dalanews 15 сент. 2016 07:59 900

«Еуразия әлемі» сарапшылар клубының кезекті отырысы «Мәні мен мазұны бар мүмкіндіктер:  Қазақстан мен Ресейдің арасындағы шекаралық және аймақаралық әріптестіктің даму үдерістері» тақырыбына арналды.

Жиынның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаев өз сөзінде Еуразиялық одаққа біріккен елдердің арасында транспорттық-логистикалық әлеует аса жоғары екенін айтты. «Еуразия кеңістігін болашақта жүзеге асатын Жаңа Жібек жолы басып өтеді. Сонымен қатар Батыс Қытай – Батыс Еуропа магистралін де санақтан шығаруға болмайды» деді ол.

Ал саясаттанушы Андрей Чеботаревтің пікірінше алдымен шекаралық аймақтағы әріптестік мәселесіне көңіл аудару керек. «Ресей мен Қазақстанның арасындағы шекаралық әріптестікті дамыту тұралы құжатқа осыдан бес жыл бұрын, яғни, 2011 жылдың 15 қыркүйегінде қол қойылған. Ал 2012 жылы бұл құжаттарды нақты жүзеге асудың жоспарлары жасалды. Бірақ бұл бағдарламаның қалай орындалып жатқанынан хабарсыз қалып отырмыз» деді ол. 

Сарапшы Айдархан Құсайыновтың пікірінше шекаралық аймақтағы әріптестікті дамытуға алдымен Қазақстан заңдарының тым қаталдығы себеп болып отыр. «Біздің облыс әкімдері өз еркімен шешім қабылдай алмайды. Біз тым орталықтанғанбыз. Осының кесірінен экономика да, әлеуметтік сала да жапа шегіп отыр. Дәл осы орталықтанудың кесірінен Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы тоқырауда деді өз сөзінде сарапшы.

Отырысты түйіндеген саясаттанушы Айгүл Омарованың айтуынша шекаралық және аймақаралық әріптестікті дамытуға бірінші кезекті кедергі келтіріп отырған дүние адами фактор.

 

Рекомендовать
Последние новости