Шекаралас аудандарда инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Dalanews 19 сент. 2024 08:17 243

ШҚО-да Марқакөл ауданының әкімідгі мен «ГРК МЛД» ЖШС және «East Copperproduction LLP» компаниясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Меморандумның мақсаты – ауданда серіктестік орнатып, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру.

– Келісім аясында әлеуметтік нысандар салу, көшелерді абаттандыру, жолдарды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Бұл жаңадан құрылған шекаралас аудан үшін өте маңызды меморандум, - деді Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Кемешев.


Рекомендовать
Последние новости