ШҚО: Алтайда «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті

Dalanews 20 сент. 2024 08:10 4346

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінде Алтай ауданының ауылдық округтерінен келген тауар өндірушілер өнімдерін ұсынды,  деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтай ауданында жұмыс сапарымен жүрген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев отандық өндіріс өнімдерінің ассортиментімен танысты. Өңір басшысы билік жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңасын ашу бойынша кәсіпкерлердің жобаларын қолдауға дайын екенін атап өтті.

- Біз әлеуетімізді дамытамыз. Бұл Алтай ауданынан шығатын өнімдердің аз ғана бөлігі. Біз нарықты отандық тауарлармен қалай қамтамасыз ету керектігін қарастыруымыз қажет. Мемлекет кәсіпкердің белгілі бір өндірісті ашуы үшін жағдай жасауы керек. Бізде жақсы мемлекеттік бағдарламалар бар. Қорқудың қажеті жоқ, қимылдау керек. Ауылдық округтердің әкімдері осы бағытта  халықпен жұмыс жүргізуі тиіс, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Жаңа өндіріс нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындарды, атап айтқанда ауылдық жерлерде жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Рекомендовать
Последние новости