Шекарадан жанармайды заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды

Көркем Алдабергенова 23 окт. 2024 09:12 1786

Шекарадан жанар-жағармайды заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Биыл қазанда Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті Мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолын кесті.

Мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.

Жыл басынан бері осы учаскеде ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алынды.

Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілді.


Рекомендовать
Последние новости