"Сергек" 8 күнде 42 млн теңге айыппұл салып тастады

Dalanews 09 янв. 2020 12:36 760

Полиция департаменті жүргізушілер үшін жол ережесін қатаң сақтаудан басқа амал жоқ дейді.

Алматы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері іске қосылған 400 "Сергек" камераларының көмегімен 8 күнде айыппұл сомасы 42 млн теңгеге шыққан ереже бұзушылық дерегі тіркелді.

2564 ереже бұру фактісінің айыппұлы 42 010 397 теңге болыпты.

Еске сала кетсек, камералар негізінен рұқсатты жылдамдықты арттыру, қызылға өту, жол белгілері мен жолақтарының талаптарын бұзу, рұқсат етілмеген жерде тоқтау мен тұру және автобус жолағымен жүру сияқты ереже бұзушылықтарды тіркеп, көлік иесіне айыппұл жазып бере алады.

Алматы Полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтап жүруге шақырады.

 

Рекомендовать
Последние новости