Семейде нан қымбаттамайды

Dalanews 23 окт. 2019 11:02 759

Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Данияр Шәкәрімов айтты.

Семей қаласы қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен 107,3% қамтамасыз етілген. Дегенмен қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің кейбірі қымбаттағаны байқалады.

Мысалы, бірінші сұрыпты ұнның бағасы 4%, қарақұмық жармасы 5,7%, тауық еті 3%, пастерленген сүт 2,3% қымбаттаған. Сондай-ақ, сары май мен сүзбенің де бағасы өскен. Есесіне сәбіздің бағасы 5,3%, пияз 5,7%, қант 1% арзандады. Бұл мемлекеттік органдар ұсынған ресми ақпарат екенін атап өткен жөн.


Данияр Шәкәрімовтың айтуынша, нан бағасы тұрақты сақталады.


- Біз күнделікті бағаға мониторинг жүргіземіз. Сауда орындарында нанның бағасы 65-тен 85 теңгеге дейін сатылады. Қалада жұмыс істейтін шағын наубайханада нанның орташа көтерме бағасы – 70 теңге. Дүкендерде бұл нан бес теңгеге бөлшек үстемемен сатылады.

«Семнан» компаниясы өз нанын 85 теңгеден сатады. Әлеуметтік нанның ең қымбаты 85 теңгеден аспайды, - деді бөлім басшысының міндетін атқарушы.


Рекомендовать
Последние новости