Селфи жасамақ болған танымал чех гимнасты көз жұмды

Қаракөз Амантай 28 авг. 2024 14:41 3429

Чех гимнасты Натали Стичова Германиядағы Тегельберг тауында суретке түсу кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

15 тамызда Натали екі досымен және Дэвид есімді жігітімен бірге Германиядағы Тегельберг тауына көтерілген.

DailyMail порталының хабарлауынша, бойжеткен атақты Бавариялық Нойшванштайн сарайының алдында суретке түспек болған. Алайда шетінен құлап, төмен қарай ұшып кеткен. Ол алған жарақаттарына байланысты ауруханаға түсті.

21 тамызда Наталидің отбасы миының қатты зақымдалуына байланысты оны өмірлік көмек көрсету құралынан ажыратты.

Спортшы айналысқан “Сокол Прибрам”  спорттық гимнастика клубының ресми парақшасы Наталидің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жазба жариялады.

“Керемет досымыз, гимнаст әрі  жаттықтырушы Натали Стичова қайғылы оқиғадан кейін бізді мәңгілікке тастап кеткенін қайғырып хабарлаймыз. Ол 21 тамызда таңғы 5:30-да көз жұмды. Өзінің қысқа ғұмырында ол үнемі күліп жүретін. Біздің есімізде де дәл осы күйінде мәңгіге есте қалады. Марқұмның отбасына және жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Наталиді еске алу үшін гимназияға келіп,  шырақ жағуға болады”, - деп жазды клуб.

Сондай-ақ Наталидің өз елінде танымал спорт жұлдызы болғаны және жақында жас спортшыларды өзі жаттықтыра бастағаны айтылды.


Рекомендовать
Последние новости