Саясат Нұрбек Тараздағы университеттегі дауға араласты

Қаракөз Амантай 09 июн. 2025 11:03

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚазҰИрГХ (Қазақ ұлттық ирригация және су шаруашылығы университеті) төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты жуырда Тараз қаласына барды. Orda.kz жариялаған материалдан кейін министр ахуалды өз көзімен көріп, ұстаздар мен университет басшылығы арасындағы келіспеушілікті шешуді жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Таразға жасаған сапарында Саясат Нұрбек оқытушылармен кездесіп, олардың уәжін тыңдағанын растады.

"Мен университет ұжымымен кездестім. Олардың сауалдары мен шағымдарын мұқият тыңдадым. Бірнеше күн бұрын ғана педагогтардың құқықтарын қорғайтын кәсіподақ құрылды. Қазіргі таңда ректор Камшат Түсіпованы жұмыстан босату мәселесі қаралып жатқан жоқ. Себебі ол қызметіне енді ғана кірісті. Алайда біз бірінші проректорды қызметінен босату туралы шешім қабылдадық. Бұл лауазым министр бұйрығымен тағайындалады. Университеттегі жағдай — менің тікелей бақылауымда", — деді министр.

Айта кетейік, ұстаздар қауымы бұған дейін де бірінші проректор Галина Омарованың қызметінен кетуін талап еткен болатын. Қазіргі таңда ол өз лауазымынан босатылды.


Рекомендовать
Последние новости