Сатылмаған не қалды?

Dalanews 24 апр. 2016 09:01 944

Арабтың құмды жерінің бір гектары 1 миллион долларға бағаланған екен. Қазақтың көк майса даласының гектарын 5 долларға бағалап отырған кім?

Менделеев кестесінің түгелге жуық байлығы қойнауымызда бола тұра, жағдайымызды жер сатуға жеткізген Мәсімов Үкіметінде ми бар ма?

Жиырма бес жыл ішінде, мемлекеттік тілді игере алмаған орыстілді Үкімет – белі бесіктен жаңа шыққан сəбилерге үш тілді үйретпек. Бұл сау адамның ісі ме?

Үкіметтің былықтары бұл ғана емес.

Жоғарғы оқу орындарында тәуелсіз мемлекеттің тарихын оқытпау, мектептерді өз күнін өзі көруге мәжбүрлеу, ауруханаларды жекешелендіру сияқты ақылға сыйымсыз бастамалар енгізбек болған Үкімет – халықтың жанашыры емес, дұшпаны болып бара жатқанында кімнің күмəні бар?


Ақан ЖАҚЫП


Көкшетау қаласы


Рекомендовать
Последние новости