Сарыағашта патриот шекарашыларға құрмет көрсетілді

Жарбол Кентұлы 22 сент. 2024 18:31 2697

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында ҰҚК Шекара қызметінің Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының 25-жылдық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының саптық алаңында өткен іс-шараға ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары полковник Серік Рахимов, ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Мадияр Жұмаділов қатысты.

Оның ішінде Сарыағаш шекара отрядының бұрынғы командирлері  полковниктер Абай Брекешов, Сапар Байменовтер мен ҰҚК Шекара қызметінің зейнеткерлері болды.

Бойларында патриоттық рухтары бар өскелең ұрпақ барда батырларымыздың аты өшпейтіні анық. Отан үшін отқа түсуге әрқашанда дайын тұратын шекарашылардың патриотты, отансүйгіштің рухы жастарға үлгі болары сөзсіз.

Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімі мен ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директоры және ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының бұйрықтары негізінде қызметте жоғары жетістіктерге жеткен әскери қызметкерлер марапаталды.

Бұдан соң Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының 25-жылдығына арналған шағын концерт қойылып, келген қонақтар шекара басқармасының тыныс-тіршілігі, заманауи үлгідегі қару-жарақ, киім-үлгілері ұсынылған көрмемен танысты.

Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының тарихында 1999 жылдың 15-қыркүйегі айрықша күн болып есептеледі. Осы күні шекара басқармасында ммлекеттік шекараны қорғауға  арналған  алғашқы салтанатты митинг өткізілген болатын.

 


Рекомендовать
Последние новости