"Самұрық-Қазына" қоры мен Қаржы мониторингі агенттігі ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды

Dalanews 26 апр. 2022 11:24 841

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Қор мен Агенттік арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар Қор мен оның портфельдік компаниялары қызметінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ Қор компаниялары жұмыс істейтін салалардағы экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ақпарат алмасуға ниетті. Бұл мұнай-газ, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, көлік және телекоммуникация салаларын қамтиды.

Меморандум сондай-ақ Агенттік пен Қор тобының ұйымдары арасындағы сатып алу саласындағы ынтымақтастықты қарастырады.

Меморандум шеңберінде Агенттік тарапы Қорға:

  • квазимемлекеттік сектордағы құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері жөнінде ақпарат беруге;

  • анықталған зиян келтіру тәуекелдері туралы ақпаратты Қорға уақтылы жіберуге;

  • Қорға экономикалық және қаржылық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге;

  • комплаенс, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару функцияларын күшейту үшін бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.


Қор өз кезегінде қылмыспен күрес жөніндегі бастамалар мен іс-шараларға белсенді түрде қатысады.

Қор тобында анықталған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтар туралы Агенттікке хабарлайды.

Агенттіктен тиісті ақпарат алған жағдайда Қор тобына кіретін ұйымдарда тексерулер жүргізеді.

Қазақстан Республикасының экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Меморандум ұзақ мерзімге жасалды және қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Рекомендовать
Последние новости