Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевтың інісі рақымшылыққа іліне ме?

Қаракөз Амантай 18 июн. 2025 11:34

Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов бұл сұраққа нақты жауап бермеді. Алайда ол Бақытжан Байжанов шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМББ) туралы өтініш білдірмегенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Мерзімінен бұрын босату тек сот шешімімен ғана жүзеге асырылады. Бишімбаевтың інісіне қатысты бізге ешқандай материал түскен жоқ”, — деді министр.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов атышулы Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты қозғалған іс бойынша қылмысты жасырып қалғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кейінгі күндері желіде оның мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін деген ақпарат тарады. Өйткені Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай елімізде шамамен 15 мың сотталушыға амнистия жарияланған.

Бишімбаевтың өзі бұл рақымшылыққа ілінбейді – себебі ол кісі өлтіргені үшін сотталған. Ал оның інісі Бахытжан Байжановтың амнистияға іліну ықтималдығы бар.


Рекомендовать
Последние новости