Сағынтаевтың күйеубаласы бостандыққа шықты

Көркем Алдабергенова 09 февр. 2024 15:07 6775

Qazaq Вanki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим бостандыққа шықты. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегілер "Власть" басылымына берген жауабында айтқан, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ибрагим 2020 жылы ақша жымқырғаны үшін сотталған болатын. Осы іс бойынша тағы бір айыпталушы банкир Жомарт Ертаев әлі жазасын өтеп жатыр.  

4 жыл бұрын Ибрагим, Ертаев және тағы бір топ адам Bank RBK-ден 144 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған болатын. Бастапқыда Бақыт Ибрагим 8 жылға сотталған болатын. Кейіннен апелляциялық инстанцияда бұл мерзім 7 жылға қысқарды.  

Ал Жомарт Ертаев Bank RBK ісі бойынша бастапқыда 11 жылға сотталып, кейіннен оның да жазасын өтеу мерзімі 9 жылға қысқарды. 

Бақыт Ибрагим 2018 жылы Германияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған. Сол жылы Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталып, елге экстрадицияланды. 

Айта кетейік,Бақыт Ибрагим – Buro 24/7 Kazakhstan сән туралы онлайн-басылымының негізін қалаушы Меруерт Әбдірдің бұрынғы күйеуі.Меруерт - Алматының экс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы. 

Рекомендовать
Последние новости