Қытай Қазақстаннан ет алатын болды

Сағыныш Сардарова 09 февр. 2024 10:53 2505

Қытай Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкетуге қойған шектеулерін алып тастады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

7 ақпаннан бастап Қытайға Қазақстаннан құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге енгізілген шектеулер алынып тасталды.

Құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым 2005 жылдан басталды.

"Шектеулерді алып тастау ҚР оңтүстік-шығыс өңірлерінен Қытайға мұздатылған сиыр және шошқа етін, сондай-ақ, құс шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын экспорттауды қайта бастауға мүмкіндік береді", - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері.

Тыйымды алып тастау туралы шешім Тоқаевтың 2023 жылы ҚХР-ға ресми сапарынан кейін қабылданды. Осы сапары барысында Президент Қазақстан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын екенін айтты.


Рекомендовать
Последние новости