Сағынтаев шенділерге халықтың ашуын тудырмауды тапсырды

Dalanews 14 мар. 2017 11:58 906

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев келесі жылы іске қосылатын міндетті медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстары кемшін түсіп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Baq.kz.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл мәселе әрбір қазақстандық үшін маңызды. Денсаулық сақтау министрлігі мен жұмыс берушілер тарапынан нақты тиімді жұмыстар жасалуы керек. Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын. Қазір жұмыстар істеліп жатқанын білемін. Бірақ, сонда да белсенділік төмен. Әлеуметтік желілерде, интернетте түсіндіру жұмыстары аздау. Сарапшы мамандардың пікірлері де беріліп жатқан жоқ, – дейді Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысы «Youtube» желісінде шыққан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты бейнроликті көріп шыққанын да айтып өтті.

– Өткен жылы әдейі «Youtube» желісінде шыққан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты бейнероликті қарап шықтым. Бірақ, адамдар бұл туралы білмейтін сияқты. Қарылымы 10 айда 4 мыңнан аспаған. Жалпы, сол роликті жасаған адамдар мен тек қызығушылық танытқандар ғана қараған секілді. Енді сол үшін көп жұмыс атқару қажет. Егер біз бұл жұмысты орындай алмасақ, xалықтың ашуына ілігеміз. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі әкімдермен бірге түсіндіру жұмыстарына баса назар аударуы тиіс, – дейді Премьер-министр.

Рекомендовать
Последние новости