Сабыржан Танабаев: "Төле би ауданының кәсіпкерлері мемлекеттік қолдаудың игілігін көруде"

Dalanews 18 дек. 2018 14:56 918

Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын Тасарық ауылдық округіндегі тастақ жерді техниканың күшімен игеріп, жүзімбақ еккен жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаев ауданда үлкен көлемде сарымсақ егуді бірінші болып қолға алған еді.




Бастапқыда 10 гектарға жаңа технологиямен жүзім еккен шаруа өткен жылы қосымша он гектар жерге 16 мың түп көшет отырғызып, былтырғы және биылғы жылы алғашқы жемісін жинап алыпты. Еңбегіне қолдау тапқан жеке кәсіпкер жүзім алқабының әр гектарына мемлекет тарапынан 750 мың теңгеден субсидия алған.

Ал, биыл шаруа Төлеби ауданының Тасарық ауылдық округіндегі 10 гектар ескі алма бауының орынына тың әдіспен сарымсақ егуді қолға алған болатын.


Мінекей, бүгінде кәсіпкер сол еңбегінің жемісін көріп отыр.

Ол аталған жердің 2 гектарына жабайы сарымсақтың ұрығын отырғызып, жаңаша әдіспен қолдан мәденилендірген-тұғын. Сәтін салса, алдағы жылы Сабыржана Танабаев гектарынан он тонна өнім алып, шетелге шығаруды көздеп отыр.

Айта кетейік, өткен жылы аудандағы 10,7 гектар үйіргелік жерден 178 тонна сарымсақ жиналған болатын. Бұл Төлеби ауданы тұрғындарының соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласына ден қойып жатқанын аңғартады. Оған себеп – мемлекеттік қолдау шаралары.

Рекомендовать
Последние новости