Рухани жаңғыру: Түркістанда «Ақ бата» байқауы ұйымдастырылды

Dalanews 16 дек. 2018 09:46 1271

"Батаменен ел көгерер" деп бекер айтпаса керек. Бата қазақтың бітім-болмысымен біте қайнасқан ата дәстүрі. 



Осы ретте Түркістанда ұлттық дәстүрді ұлықтаған «Ақ бата» байқауы өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

«Ontustik» телеарнасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы бірлескен тележобасының мақсаты- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Елордамыз-Астана қаласының 20 жылдығына орай халқымыздың рухани-тарихи тамырларының кең аясынан әдет-ғұрып пен салт-дәстүріміздің негізі саналатын бата беру дәстүрін насихаттау.

Облыс аумағындағы батагөй дарын иелерін телеарна арқылы паш етіп, хас таланттардың шыңдалуына жол ашу болатын.


Айта кетелік осынау ауқымды тележоба қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 7-мен 70 жас аралығындағы үміткерлер арасында 3 топта өткізілді. Батагөйлер сайысына облысымыздың барлық аудандарынан 45 үміткер тіркелді.

3 кезеңнен тұратын сайыстың шартына сәйкес «Ақ бата» аталымы бойынша Шардаралық Әбдіғаппар Айдаров, «Зерделі бата» аталымы бойынша Түркістан қаласынан Сайлаухан Жоланов жеңімпаз атанды. «Бала бата» аталымы бойынша Қазығұрт ауданына келген Нұрлыбақыт Қаһарұлы бірінші орынды иемденді.

Рекомендовать
Последние новости