Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Yutong трансұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ван Вэньтаомен кездесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кездесу барысында Қарағанды облысы, Саран қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан QazTehna зауытының базасында жүзеге асып жатқан автобус өндірісінің алғашқы нәтижелері сөз болды.
Yutong компаниясының басшысы Ван Вэньтао Қазақстан Үкіметіне серіктестікті қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, елімізді Орталық Азиядағы басты стратегиялық нарық ретінде қарастыратындарын жеткізді. Оның айтуынша, компания алдағы уақытта инвестиция көлемін арттыруға, технология трансфертін кеңейтуге және өндірісті терең оқшаулауға ниетті.
Бүгінде QazTehna зауыты қалалық, қалааралық, туристік және арнайы мақсаттағы Yutong маркалы автобустарды шығарады. Кәсіпорын ашылғалы бері 4 мыңнан астам автобус өндірілген. Зауытта мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған. Алдағы 2025 жылы 1 500-ден астам автобус құрастыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар өндірістік қуатты арттыру мақсатында зауыт аумағында қосымша 10 мың шаршы метрлік жаңа цехтардың құрылысы жүріп жатыр. Онда дәнекерлеу, штамптау және құрастыру секілді технологиялық желілер орналастырылмақ. Бұл жергілікті қамту үлесін ұлғайтып, QazTehna-ның Қазақстандағы жетекші автобус өндіруші ретіндегі орнын нығайта түспек.
Келіссөз соңында тараптар өнеркәсіп саласындағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге және бірлескен жобаларды жалғастыруға мүдделі екенін мәлімдеді.