Нью- Йоркте, Уолл- Стритте Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеру рәсімі мен қаланың мэрінің ресми прокламациясын табыстау шарасы өтті, деп хабарлайды Dalanews.kzҚР СІМ- не сілтеме жасап. Бұл шара Республика күніне арналған.
Шараға Нью- Йорк қаласы Мэриясының өкілдері, дипломатиялық корпус, БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігі, Бас консулдық, сондай- ақ қазақ диаспорасының және студент жастардың өкілдері қатысты.
«Биылғы шараға ерекше мән берген- Нью- Йорк қаласы Мэриясының ресми прокламациясы болды. Онда Қазақстан Республикасының Күніне орайластырылған Қазақстан мұрасы күні жарияланды. Бұл акті Нью- Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс атынан қол қойылып, Қазақстанға деген құрметтің және қазақ қауымының мәдени және қоғамдық дамуға қосқан үлесінің мойындалуының белгісі болды. Прокламация Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы берік достық байланыстарын бейнелейді және Нью- Йорк қаласының өзара құрмет пен халықаралық серіктестік қағидаттарына адалдығын көрсетеді»,- деп мәлімдеді министрлік.
Қалалық биліктің атынан халықаралық істер бойынша арнайы кеңесші Чарльз Даймонд құттықтау сөз сөйлеп, диаспораның мәдени диалогты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, Нью- Йорк пен Қазақстан арасындағы одан әрі ынтымақтастыққа қолдау білдірді.
