Республика күні – дербес мемлекеттіліктің мерекесі

Dalanews 25 окт. 2022 04:54 898

Республика деген әрине мемлекет. Бірақ негізі халық билігіне негізделген мемлекеттік басқару жүйесі. Онда халық Президентін, Үкіметін,  Парламентін белгілі мерзімге сайлайды. Халық сайлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда осы күнді Республика күні болсын дегенде меңзегені – Жаңа әрі әділетті Қазақстанды құрудағы бір қадам деп ұқтым. Яғни, Республика күні деген – демократия, құқық, зайырлылық ұстанымдарын дәріптеп, оның анықтамасын, ұстанымдық тетіктерінің тек құқықтық негізде жүзеге асуын қадағалайтын мемлекеттің мейрамы болуы керек.

25 қазан – Республика күніне Ұлттық мереке деп статус берудің өзі бекер емес. Демек, әрбір отандасымыз айтулы мерекенің маңызын жан-тәнімен ұғынып, қуанышпен қарсы алуы керек.

Досай КЕНЖЕТАЙ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ теология факультетінің деканы, дінтанушы, философ

 

Рекомендовать
Последние новости