Ресей елшілігі қазақ төрешісінің намысына тиіп, балағаттаған бапкерге қатысты түсінік берді

Азамат Қойшығара 03 февр. 2024 20:39 3384


Қазақстандағы Ресей елшілігі Қостанайда өткен футбол матчында төрешіге ұлтараздық тудыратын балағат сөздер айтқан ресейлік бапкерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.



"Жергілікті блогосферада жарияланған Ресейдің 2drots медиа командасы жаттықтырушысының қазақстандық төрешілерге қатысты балағат сөздеріне қатысты айтар болсақ, біз мұндай әрекетке мүлдем жол бермейтінімізді хабарлаймыз. Сонымен қатар қазақстандықтарға қатысты мұндай риториканың белгілі бір ресурстарында айтылған көзқарас шындыққа сәйкес келмейді деп есептейміз",- делінген елшінің жауабында. 



Ол Ресей Медиа лига командасы бас бапкерінің ешқандай ресми мәртебесі жоқ екенін де алға тартқан.



"Сондықтан олардың бұл әрекетін Ресей халқының ұстанымының көрінісі деп санау дұрыс емес", – деп атап өтеді көрші мемлекеттің ресми органы.



Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда өткен медиа командалар арасындағы футбол жарысының финалында ресейлік 2drots командасының бас бапкері Дмитрий Кузнецов қазақстандық төрешіге: «Чукча» деп тіл тигізіп, балағаттаған болатын. 



Рекомендовать
Последние новости