Ресей азаматтығын алған тұрғын Қазақстаннан шығарылды

Қаракөз Амантай 06 сент. 2024 14:21 2213

Көші-қон қызметі қос азаматтығы бар Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, тамызда құқық қорғау органдары биыл маусымда Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Қазақстан азаматтығы күшін жойғанын рәсімдемеген 54 жастағы ер адамды анықтады.

"Сот қаулысы бойынша, құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы екінші бөлігі бойынша Қазақстан Республикасынан шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыдан республика азаматының төлқұжатын алып, Қазақстан азаматтығынан айырылғанын рәсімдегені нақтыланады.

Полицейлер елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, тұрғындардан көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.


Рекомендовать
Последние новости