Германияның федералды канцлері Астанаға келді

Сағыныш Сардарова 16 сент. 2024 14:21 1949

Германияның федералды канцлері Олаф Шольц Астанаға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қаласының әуежайында Олаф Шольцті Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Германияның Федералды канцлері Олаф Шольц «Орталық Азия + Германия» екінші саммитіне қатысады, оның шеңберінде сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша стратегиялық ынтымақтастық пен әріптестік мәселелерін талқылау жоспарлануда. 

Германия Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық серіктесі саналады. Биылғы 7 айда өзара сауда көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсіп, $2,3 млрд-ты құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі 64%-ға ұлғайып, $770 млн-ға жетті.

Қаражаттың негізгі бөлігі басымдық беріліп отырған экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталған.


Рекомендовать
Последние новости