Ресей АҚШ-қа қарсы санкция енгізбейтінін мәлімдеді

Қаракөз Амантай 03 мар. 2026 17:49

Ресей Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты АҚШ-қа қарсы санкция енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Бұл - біздің тәсіл емес”, - деп қысқа қайырды ол.

Сондай-ақ Лавров бұған дейін АҚШ-тың сыртқы саясаттағы амбициясы Иранмен ғана шектелмей, Венесуэла мен Кубаға да ықпал етуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove