Референдум – ел өміріне оң әсер етіп, мемлекет даумын қамтамасыз етеді – ағылшын заңгерлері

Dalanews 14 мая 2022 04:12 912

Қазақстанның Лондондағы елшілігіндегі дөңгелек үстел өтіп, шара барысында  Ұлыбританияның адвокаттар қауымдастығының өкілдері Қазақстанның Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдауға қатысты халық арасында референдум өткізу ісін қолдап, өз ойларын ортаға салды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Қазақстанның  Ұлыбританиядағы елшілігіне сілтеме жасап.

Британдық заңгерлерге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үсітіміздегі жылдың 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан саяси реформалардың барысы туралы ақпарат ұсынылған. Оның бір бөлігі – ауқымды конституциялық реформалар.

Конституцияға ұсынылған түзетулер пакетінде президенттің шектен тыс өкілеттілігін шектеу, парламентті күшейтуге, сайлау процесін жаңғыртуға, партиялық қызмет пен жергілікті басқару ісін жетілдіру, азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау, сонымен қатар азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін нығайтуға бағытталған ұсыныстар көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер еді.

Британдық сарапшы-құқықтанушылар Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған реформаларды оң бағалап, оларды табысты іске асырған сәтте Қазақстан жаңғырудың жаңа деңгейіне көтерілетінін атап өтті.

– Біз Қазақстандағы реформаларды және алдағы референдумді қолдаймыз. Референдум нәтижелерінің ел өміріне оң әсер етіп, Қазақстанның даумын қамтамасыз ететіне сенімдіміз, – деп атап өтті корольдік адвокат және Адвокаттар қауымдастығының төрайымы Фелисити Каллен.


Алқабилер соты туралы мәселе бойынша ол мұндай тәжірибе көптеген ғасырлар бойы ағылшын жалпы құқық жүйесінде болғанын айта келе, «Біздің ойымызша, алқабилер неғұрлым көп істі қарастырса, соғұрлым жақсы болады. Бұл новелла Қазақстанда енгізілгеніне қуаныштымыз және жаңа жүйедегі прогрессті қадағалайтын боламыз» деді. Ол сондай-ақ, сот процестерін онлайн-трансляциялау ашықтыққа және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін ұлғайтатытын атап өтті.

Рекомендовать
Последние новости