"Қош бол, Путин". Ташкент пен Уашингтон қорғаныс альянсын құруға ұмтылуда

Dalanews 29 сент. 2023 04:10 1231

Өзбекстан басшылығы АҚШ-қа ресми сапары барысында қорғаныс саласындағы байланыстардың артып келе жатқанына екпін түсірді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Тіпті, АҚШ шенеуніктері Ресейдің дәстүрлі ықпал ету аймағындағы Орталық Азия еліне барған кезде Өзбекстан Вашингтонмен қорғаныс саласындағы байланыстарын жоғары бағалап, мақтанып жатты.

Бұрынғы кеңестік республикалар, соның ішінде Өзбекстан қауіпсіздік кепілдігін іздеп, талайдан бергі тарихи серіктесі Ресейден алыстап, АҚШ-қа бет бұрып келеді. Бұл процесс Мәскеудің Украинаға басып кіруінен кейін жеделдей түсті.

«Екі ел арасындағы қорғаныс саласындағы достық қарым-қатынастар жыл сайын нығайып келеді», – деді Өзбекстан қорғаныс министрі Баходир Құрбанов АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілдерімен кездесуінде.


Өзбекстан тарапы құрамында АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы Майкл Кирилла бар делегацияны қарсы алды.

«Кездесу барысында тараптар әскери саладағы жетістіктер мен ынтымақтастықты жалғастыру мүмкіндіктерін талқылады», – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Орталық Азиядағы шамамен 35 миллион халқы бар Өзбекстан бір кездері Ресей бастаған ҰҚШҰ қауіпсіздік альянсының мүшесі болған. Бірақ 2012 жылы «АҚШ Ташкентті стратегиялық одақтас ретінде қарайды» деген қауесеттерден кейін ұйымнан шығып кетті.

Ташкент 2000 жылдардың басында АҚШ күштеріне өзінің кеңестік дәуірдегі К-2 әуе базасын көрші Ауғанстанда әскери операцияларды бастау үшін пайдалануға рұқсат берсе, ал 2020 жылы АҚШ күштерімен бірлескен жаттығулар өткізді.

АҚШ пен Өзбекстан арасындағы келіссөздер тағы бір бұрынғы кеңестік республика құрамына кірген, кейін ҰҚШҰ-ға мүше болған Арменияның саяси әрекетінен кейін басталды. Яғни, Армения Ресейді Әзірбайжанның Таулы Қарабақтағы армян сепаратистеріне қарсы шабуылына араласпағаны үшін сын тегеурініне алған еді. Десе де, Ресей екі жақты ымыраға келтіруді емес, алауыздық туғызуға күш салды.

Рекомендовать
Последние новости