Ал қонақтар айыппұл төлемеу үшін елсіз жермен қаша жөнелді. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады.
Видеода бір топ адамның қашып бара жатқанын байқауға болады. Біреулер тура айдаламен қашса, енді біреулер полиция көлігін көріп, бері қарай жүгіріп келеді. Қолында баласы бар адамдар да көрінеді.
"Теміртау, Grand Hall деген тойханадан қашқан ел. Мына жақта полиция тұр", - дейді видео авторы.
[video width="480" height="392" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2021/08/235031546_828011737883836_5479715739881661103_n.mp4"][/video]
Қала әкімдігі видеоның Grand Hall мейрамханасының артында түсірілгенін растады. Ресми мәліметке сәйкес, 9 тамызда "102" қызметіне Металлургтер даңғылында орналасқан мейрамханада көп адамның жиналғаны туралы хабарлама түскен.
"Сол жерге мониторингтік топ барды. Алайда мейрамхана әкімшілігі оларды кіргізбей қойған. Ал қонақтар жертөле арқылы өтетін құпия жолмен қаша бастады. Мейрамхана иесіне 670 910 теңге көлемінде айыппұл салынады", - дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Әбдіғалиева.
Осы орайда жергілікті билік Қарағанды облысы коронавирустың таралуына бойынша "қою-қызыл" аймақта тұрғанын еске салды. Сондықтан карантин талаптарын барынша сақтау қажет.
Дереккөз: sputnik.kz