Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ірі туристік жобаларды жүзеге асыру барысында Қонаевта 40 миллиард теңгеге аквапарк салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айтуынша, аталған орын жеке инвестордың қаражатына салынбақ. Сондықтан бюджеттен қаржы бөлу жоспарланбаған.
“Жоба аясында тек аквапарк емес, қонақүй салынып, жағажай аумағы ретке келтіріледі. Қазіргі уақытта туризмді дамыту мақсатында жағажай мен осыған ұқсас жерлерге инвесторлар тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аквапарк Қонаевта салынады”, – деді ол .
Әкімнің сөзінше, мемлекет қаражаты ауылдарды жарықпен және сумен қамтуға бағытталып отыр.