Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды

Сағыныш Сардарова 06 сент. 2025 11:29

Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ, басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.

Барлық қылмыстық іс бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел тергеу топтары құрылған.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді. 

Қайрат Қожамжаров туралы не белгілі?

Еске салайық, Қайрат Қожамжаров Қазақстанның қаржы полициясын басқарған. Қазақстанның бас прокуроры, Ақмола облысының әкімі қызметтерін де атқарды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен сенат депутаты болды. Бас прокурор қызметін атқарған кезде көптеген резонансты іс негізсіз, ойдан шығарылған деп танылған. Кейін оның қарамағында істеген қызметкерлердің үстінен қылмыстық істер қозғалып, қамауға алынды.

Кезінде Қожамжаровтың артынан  "Қорғас ісінен" пайда көргендердің  бірі деген сөз ерген. 


Рекомендовать
Последние новости