Қырғызстанда дәрілік шөп теремін деп тауға барған 14 адамның алтауы қаза тапты

Кәмшат Тілеухан 19 окт. 2024 16:46 5126

2024 жылдың 16 қазанында Қырғызстанның Шатқал ауданында қар көшкіні жүріп, алты адам қаза тапқан. Оның үшеуінің денесін құтқарушылар 18 қазанда Ақ Сай асуынан тапты, тағы үш адам бүгін таңертең, 19 қазанда табылды. Олардың арасында Қытай елінің азаматы да бар, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"9 қазанда Қаныш Кия ауылының 14 тұрғыны, сондай-ақ Қытайдың бір азаматы өсімдіктер тамырын жинау үшін тауға шығып, 16 қазанда жоғалып кетті. Олардың сегізі Қорған-Сай ауылының маңынан аман табылды", делінген Қырғыз Республикасы ТЖМ баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Іздеу жұмыстарына тікұшақ та тартылғаны нақтыланады. 


Рекомендовать
Последние новости