Qazkom банкі Оғыз Доғаннан кешірім сұрады

Dalanews 27 апр. 2018 02:31 839

Qazkom банкі Оғыз Доғанға қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан қызметкерлері үшін кешірім сұрады.



Қоғамда резонанс тудырған оқиға кеше Астанадағы “Сарыарқа” банк бөлімшесінде болған еді.
– Казкоммерцбанк, 25 сәуірде Астана қаласында «Сары-Арқа» банк бөлімшесінде болған оқиға үшін барлық қатысушылар мен куәгерлерден кешірім сұрайды.

Тіл туралы заңға сәйкес, банк өз қызметін мемлекеттік тілде, қазақ тілінде және ресми статусы бар орыс тілінде көрсетеді. Клиенттердің сұранысы бойынша және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша банк үш тілде қызмет көрсетуге дайын. Мемлекеттік тілді жетік білетін мамандар Казкоммерцбанктің барлық бөлімшелері мен кеңселерінде бар.Клиенттерге қызмет көрсететін барлық менеджерлер міндетті түрде мемлекеттік тілді меңгерген. Астанадағы «Сары-Арқа» филиалының қызметкерлері арасында да қазақ тілін жоғары деңгейде білетін менеджерлер бар.Бұл жағдайда да біз клиентке қажетті банк қызметін қазақ тілінде ұсына алар едік, өкінішке қарай, түсінбеушілік салдарынан бөлімше қызметкерлері эмоцияға жүгініп, клиентке қызметті дұрыс көрсетпеді.Қызметкерлеріміздің бұл іс-әрекеттерін біз ақтамаймыз.

Алайда бұл оқиғаның бейнетаспаға түсіруге байланысты стресстік жағдай туғызғанын атап өткіміз келеді.

Болашақта мұндай оқиға қайталанбас үшін біз өз қызметкерлерімізге тиісті оқыту тренингтерін өткіземіз, – делінген мәлімдемеде.

 

https://dalanews.kz/35650

Рекомендовать
Последние новости