Қазығұрттық бағбан әйелдер мерекесінде 50 мың дана раушан гүлін саудаламақ

Dalanews 05 мар. 2018 07:52 1023

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы шаруа қожалығы 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 50 мың дана раушан гүлін сатылымға шығармақ. «Гул Мансур» ЖШС-нің 1 гектар жылыжайында бүгінде «Черная магия» тұқымды раушан гүлі күтіп, бапталуда. Облыс әкімінің баспасөз қызметі өткізген кезекті ақпараттық тур аясында БАҚ өкілдері аталған қожалықтың мереке алдындағы дайындығымен танысты.

Гүл өсірумен айналысатын шаруа қожалық 2012 жылы екі жанұяның бірігуімен құрылған. Жобаның инвестициялық кұны 12 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда серіктестіктің меншігінде 2,5 гектар егістік жер бар.  Оның 1 гектары жылыжай.  Онда «Черная магия» тұқымды раушан гүлі өсіріледі. Қожалық иесі гүлдерге сұраныс жыл өткен сайын артып келе жатқанын айтады.



– Гүлді алғаш рет 2013 жылы 0,40 гектар жылыжайға егіп көрдік. Сосын гүлге деген сұранысты байқаған соң, жылыжай көлемін 1 гектарға дейін ұлғайттық. 2017 жылы 45 мың дана гүл дайындалып, ауыл, аудан және облыс көлемінде сатылымға шығарып, табысқа кенелдік. Биыл түсім одан да жақсы болады деген үміттеміз, – дейді қожалық иесі.

Айта кетейік, қожалық бүгінде 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Маусым кезінде мұндағы жұмысшылар саны 20-ға жетеді. Әрбір қызметкерге 50 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді. Шаруашылық басшылығы болашақта жылыжай ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/32219

Рекомендовать
Последние новости