2025 жылдың І-тоқсанында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 29 272,2 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде: экспорт – 16 361,5 млн доллар, импорт көлемі – 12 911,1 млн доллар, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасының экспорты бойынша тауарлардың негізгі үлес салмағы мынадай тауарларға тиесілі:
- битуминозды минералдардан алынған шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері (52,3%),
- тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,3%),
- мыс кендері мен концентраттары (4%), ферроқорытпалар (3,3%),
- бидай және меслин (2,3%).
Қазақстан Республикасының импорты бойынша ең көп үлес салмақ келесі тауарларға тиесілі: жеңіл автомобильдер (3,9%),
- дәрілік заттар (3,1%),
- моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар (2,9%),
- телефон аппараттары (2,3%),
- моторлы көлік құралдарының бөліктері мен керек-жарақтары (2,2%).
Қазақстан Республикасының экспорттағы негізгі әріптес елдері: Италия (25,2%), Қытай (15,1%), Ресей (9,8%), Нидерланд (6,4%), Түркия (5,1%), Өзбекстан (4,7%).
Ал импорт бойынша негізгі әріптес елдері: Ресей (29,1%), Қытай (26,8%), Корея Республикасы (4,4%), Германия (4,2%), АҚШ (3%), Түркия (2,7%) мемлекеттері.