Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы 25 қыркүйекте басталады

Сағыныш Сардарова 24 сент. 2025 14:23

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы 25 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру жөніндегі жалпыұлттық конкурс өткізу комиссиясының алғашқы отырысы өтті.

Отырыс барысында комиссия мүшелері ұйымдастыру мәселелерін қарастырып, жалпыұлттық конкурсты өткізу ережелерін бекітті.

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев азаматтардың бұл процеске қатысуының маңыздылығын атап өтті:

"Қазақстан азаматтарының барынша көп қамтылуы үшін АЭС-ке үздік атау беру бойынша ұсыныстар eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылданады. Конкурстың атом саласы қызметкерлері күні қарсаңында басталуы – индустрияның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесінің айқын дәлелі".

Талқылаулардың қорытындысы бойынша комиссия конкурстың өткізілу мерзімдерін бекітті:

  • 25 қыркүйек – конкурстың басталуы туралы ресми хабарландыру;
  • 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін – eGov Mobile қосымшасы арқылы ұсыныстарды қабылдау;
  • 11–20 қазан аралығы – келіп түскен ұсыныстарды талдау;
  • қазан айының соңына дейін АЭС-тің үздік атауын анықтау.

Рекомендовать
Последние новости